Сандық технология заманында АДАМ құндылығын жоғалтпау

ҚӨУ профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Айбек Шалғымбеков «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және цифрлық трансформация: тәжірибе, мәселелер, перспективалар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда Қостанай ғылыми мектебінің атынан қатысып, сөз сөйледі.

Ауқымды шараны І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті ұйымдастырды.

Жиын онлайн форматта өтіп, әлемнің түкпір-түкпірінен келген ғалымдар мен зерттеушілердің басын қосты.

Конференция белгілі профессор, тарихшы, біртуар жерлесіміз Амангелді Катеновтің 80 жылдық мерейтойына арналды.

Амангелді Камалұлы Қостанай жоғары оқу орнының тарих-педагогика факультетін басқарған тұста, бұл құрылымды бүкіл КСРО-дағы ең үздік 4 факультеттің қатарына қосты.

Біз мақтанышпен айтатын педагогикалық тәжірибенің іргелі дәстүрлерін қалаған да дәл осы кісі болатын.
⠀
Конференция барысында ғалымдар классикалық гуманитарлық ғылымдарды (тарих, педагогика, философия) сандық жүйеге көшіру кезінде адамгершілік құндылықтар мен білім сапасын қалай сақтап қалу керек деген мәселені талқылады.

– Әріптесімізді қолдап, гуманитарлық білім беруді цифрландыру бағытындағы Қостанай өңірінің жинақтаған тәжірибесімен бөліскенімізге қуаныштымыз, – деді Айбек Батырханұлы

Қабылдау комиссиясы