object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-22 22:24:25.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҒЫЛЫМ СТУДЕНТТЕР КӨЗІМЕН

Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасында жүргізілетін студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары студенттік конференциялар, конкурстар, курстық және дипломдық жобалар аясында жүзеге асырылады.

Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы Халықаралық ғылым күніне арналған «Жастар және ғылым – болашақ кепілі» тақырыбында студенттердің ғылыми-зерттеу конференциясын өткізді, онда болашақ ұстаздар мен тәрбиешілерді толғандыратын проблемалық тақырыптар сараланды. Конференцияға қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Сондай-ақ студенттер өзіміздің университет пен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеттері ұйымдастырған «Студенттік ғылым әлемі – жаңа мүмкіндіктер» атты студенттердің ғылыми-практикалық конференциясына және «Жастар және ғылым» халықаралық конференциясына қатысты.

2023 жылы кафедра студенттерінің оқытушыларымен бірлескен 47 ғылыми мақалалары жарық көрді. Студенттердің «Білім беру мазмұнын интеграциялау бастауыш мектепте білім сапасын арттырудың тиімді жолы ретінде», «Мектеп жасына дейінгі балалардың сындарлы ойлауын қалыптастыру құралы ретінде оригамиді пайдалану», «Мектеп жасына дейінгі балалардың құммен ойнау арқылы танымдық қызығушылығын дамыту» сияқты жұмыстары өндіріске енгізілді. Бұл ғылыми басылымдар – дипломдық жұмыстар бойынша ізденістердің нәтижесі. Бүгінде кафедра студенттері дипломдық жұмыстарын алдын-ала қорғап, плагиатқа тексеруден өтті, енді дипломдық жұмыстарын қорғауға дайындалып жатыр.

Сонымен қатар студенттер жыл сайын халықаралық конференцияларға қатысып, жүлделі орындарға ие болады. Мәселен, Алина Ерубаева мен Мадина Сайыпназарова Ресейдің Орел қаласында өткен «Ғылым әлемі-2023» халықаралық эссе байқауында жүлделі 3-орынды иеленді. 

Қабылдау комиссиясы