Бүгін біз сіздерді «Жас ғалым» байқауының үшінші жеңімпаз жобасымен таныстырамыз: «Қостанай қаласындағы сауда желісінде сатылатын қой етінің Sarcocystis spp паразиттерімен ластану қауіпсіздігін бағалау».
Авторы - ҚБ ҒЗИ зертхана меңгерушісі Жанайдар БЕРМУХАМЕТОВ.
Жоба не туралы?
Бұл жоба біздің қаламыздағы ет базарлары мен дүкендерінде сатылатын қой етінің қаншалықты қауіпсіз екендігін зерттейді.
Ғалым не істейді?
Қой етінің сынамаларын алып, олардың саркоцисттермен (sarcocystis) ластану деңгейін зерттеп, паразиттің генетикалық идентификациясын жүргізеді. Алынған нәтижелер негізінде қой етінің паразиттік «ластану деңгейі» зерттеліп, эпизоотикалық жағдай анықталады. Бұл мәліметтер саркоцисттер инфекциясы туралы қажетті ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Не үшін керек?
Бұл еттің қауіпсіздігі мен сапасын бақылауды жақсарту мақсатындағы жоба. Зерттеулер негізінде саркоцистоздың таралуын болдырмау мен алдын алу механизмдерін жетілдіру туралы ұсыныстар енгізілетін болады. Айта кететін жайт, саркоцисттермен зақымдалған қой етін тұтыну адам денсаулығына қауіпті болуы мүмкін, бұл әлемде ішек және бұлшықет саркоцистоздары бойынша тіркелген көптеген жағдайлармен расталады.