object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-23 10:05:36.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Орманды қалпына келтіруге ғылыми қадам

Baitursynuly University студентінің Әулиекөлдегі алапат өрттен кейінгі орман жағдайы туралы ғылыми жұмысы республикалық байқауда үздік деп танылды. 

Юлия Приезжих А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің жаратылыстану — ғылыми пәндер кафедрасының 4 курс студенті.

 «Биология»  білім беру бағдарламасы бойынша республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсында ол өрттен кейінгі орманның жай-күйін зерттеуді ұсынды.  

Естеріңізге сала кетейік, Қостанай облысының Әулиекөл ауданында 2022 жылы болған алапат өрт Қазақстан тарихындағы ірі оқиғалардың бірі болды. Орасан тілсіз жау 43 мың га орманды жойды.

Сарапшылардың пікірінше, өртенген орман мен аймақтың экожүйесін қалпына келтіру үшін 70-150 жыл қажет. 

Студент осы өрттен кейін қарағайдың діңгегіне зиянкестерінің жаппай өршу себебін зерттеді.

Ғылыми зерттеулерде оған биология ғылымдарының докторы, профессор Татьяна Брагина көмектесті. Нәтижесінде он үш ЖОО студенттері ұсынған 40 жұмыстың ішінде Baitursynuly University жобасы үздік атанды. 

Атап айтқанда, қолданбалы ғылыми жұмыстың нәтижесі бар - талдау дің зиянкестерінің болуына мониторингты ұйымдастыруға мүмкіндік береді (мысалы, аспалы тұзақтармен).

Байқау Шәкәрім университетінің (Семей қ.) базасында өтті. Келесі жылы конкурс қостанайлық студенттің жеңісі құрметіне А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде өтеді.

Қабылдау комиссиясы