Биология, экология және химия кафедрасында профессор, б.ғ. д., «Қазақстан Республикасының көрнекті ғалымдары» мемлекеттік стипендиясының лауреаты Лидия Яковлевна Курочкинаны еске алуға арналған «Биологиялық ресурстарды қорғау, пайдалану және шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі зерттеулер саласындағы үрдістерге шолу» атты студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияда алғашқы болып А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Зерттеулер, инновациялар және цифрландыру жөніндегі проректоры Жеңіс Жарлығасов сөз алды. Ол ғылыммен, зерттеу жұмыстарымен айналысудың қаншалықты маңызды екенін айтты.
Конференция басталмас бұрын жиналғандар көрнекті ғалым, Қазақстан Республикасының биология ғылымдарының докторы Лидия Яковлевна Курочкинаны еске алып, рухына тағзым етті.
Лидия Курочкинаның экологиялық және геоботаникалық зерттеулерге өлшеусіз үлес қосқанын атап өткен жөн.
Сондай-ақ ғалым «Қазақстанның жасыл кітабын» құрудың бастамашысы болды және шөлейттену мәселелеріне қызығушылық танытқан алғашқы зерттеушілердің бірі.
Конференция барысында студенттер өз баяндамаларын оқыды, бұл қатысушыларға тәжірибе алмасуға, сонымен қатар теориялық және практикалық білімдерін жетілдіруге мүмкіндік берді.