object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-04-16 10:15:10.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Ахинжанов оқулары

Baitursynuly University студенттері «Ахинжанов оқулары – 2025» халықаралық археологиялық конференцияға қатысты.

Бұл конференция археологияға әуес жас ғалымдар мен студенттерді біріктірді.

Қатысушылар арасында Қазақстанның барлық дерлік өңірлерінен, сондай-ақ Әзербайжан, Қырғызстан және Ресейден келген әріптестер болды.

ҚӨУ атынан үш баяндама ұсынылды: біреуі – ұжымдық, екеуі – жеке. Ғылыми жетекші – тарих ғылымдарының кандидаты, PhD докторы Ирина Шевнина.

Үш күн бойы қатысушылар өз зерттеулерімен бөлісіп, тарихтың бірегей ескерткіштерін танып, білім алмасу мүмкіндігіне ие болды.

1-күн

2-күн

3-күн

Қуанышты жаңалық! Мадина Нургалиева мен Иван Ковальчук делегация атынан «ең үздік баяндама» үшін алғыс хатпен марапатталды!

Сонымен қатар Мадина А.Х. Марғұлан атындағы археология институттың «Жазғы археологиялық мектеп» алаңына шақырту алды.

Студенттер сапарды ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін ҚӨУ басшылығына алғыс білдіреді.



Қабылдау комиссиясы