Baitursynuly University-де Ұлық Ұлыстың 800 жылдығына арналған «Жошы мемлекетінің тарихы» атты республикалық ғылыми семинар өтті.
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайда Жошы Ұлысының маңыздылығы жайында атап өтіп, Алтын Орданың тарихы мен мұрасын жан-жақты зерделеуді тапсырды», - деп атап өтті ҚӨУ проректоры Жеңіс ЖАРЫЛҒАСОВ құттықтау сөзінде. – Жошы Ұлысы – өркениеттік матрица. Ол мәдениеттің түп тамырын біріктеруші – мемлекеттің тиімді қалыптасқан механизмі, тұтас жүйесі».
Университетіміздің төрінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еркін ӘБІЛ, Жошы Ұлысын зерттеу ғылыми институтының басшысы Жақсылық СӘБИТОВ, ҚӨУ әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы Әлібек ТАБУЛДЕНОВ және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедраның меңгерушісі Серікжан ИСМАИЛОВ өз ойларын ортаға салып, зерттеулеріне тоқталды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан тарихы көптомдығының жеке бөлімі Жошы Ұлысына арналады, оны жазуға Baitursynuly University ғалымдары да атсалысуда.