object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-22 17:20:33.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

БІЗДІҢ. Бірінші!

Доктор PhD, Baitursynuly University аграрлық техника және көлік кафедрасының қауымдыстырылған профессор Максат АМАНТАЕВ Graduate School of Chinese Academy of Agricultural Science ғылыми стажировкадан өтуде.

Ол «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасының «500 ғалым» жобасы аясында Қытайға аттанды. Айта кетейік, Максат Амантаев – Қытайдың GSCAAS мекемесінде стажировкадан өтетін Қазақстанның алғашқы ғалымы.

- Академия құрамына Қытайдың 17 провинциясы мен аймағында орналасқан 40-тан астам зерттеу институттары кіреді, - дейді профессор. – Мұнда мен жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау жүйесінің ерекшеліктерімен, Қытайдағы стипендиялық бағдарламалармен, шетелдік студенттермен жұмыс істейтін офис қызметімен таныстым.

Қазір Максат Амантаев Нанкинде – Nanjing Research Institute of Agricultural Mechanization мекемесінде стажировкадан өтуде. Алдағы жылы ол профессор Чжан Вэньидің ғылыми жетекшілігімен ауыл шаруашылығын механикаландыру ауылшаруашылық дақылдарын егу саласында инновациялық техника құралдарын әзірлеу бойынша зерттеу жүргізеді.

Қабылдау комиссиясы