object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-03-29 20:53:53.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Қытайдағы ғылыми тәжірибе

Baitursynuly University аграрлық техника және көлік кафедрасының қауымдастырылған профессоры Максат Амантаев CAME-2025 ауыл шаруашылығы техникасының ұлттық көрмесіне қатысып, Қытайдың Хэнань провинциясындағы аграрлы-индустриялық Чжумадянь қаласында өткен семинарда Қазақстан атынан баяндама жасады.

Баяндаманың тақырыбы - «Agriculture in Kazakhstan and Soil Tillage Machinery for Wheat Crops» («Қазақстандағы ауыл шаруашылығы және бидай дақылдарын өсіруге арналған топырақ өңдеу техникасы»).

- Қазақстанның жоғары технологиялық өнім өндіру саласында экономикалық дамыған елдермен бәсекелесуі оңай емес, - деп атап өтті Максат Амантаев. - Дегенмен, агроөнеркәсіптік кешенге басымдық беру және отандық агроинженерлік ғылымның тұрақты дамуы - аграрлық әлеуетімізді тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп, Қытайды қоса алғанда, жетекші аграрлық державалармен бәсекелес деңгейге көтерілуімізге жол ашады.

Айта кетейік, Максат Амантаевтың тағылымдамасы «Болашақ» бағдарламасының «500 ғалым» жобасы аясында Қытайдың Ауыл шаруашылығы және ауыл істері министрлігіне қарасты Nanjing Institute of Agricultural Mechanization институтында өтуде. Аталған институт Қытай ауыл шаруашылығы ғылым академиясының (GSCAAS) жетекші ғылыми мекемелерінің бірі болып табылады.

Қабылдау комиссиясы