object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-22 08:27:11.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Дәстүр мен технология тоғысында

Интернет кітапханаларды алмастыра ала ма? Қазіргі заманғы кітапханашы қандай болуы керек? Өскелең ұрпақты кітап оқуға қалай баулуға болады?

Осы және басқа да маңызды тақырыптар бүгін Baitursynuly University-де өткен «Заманауи кітапхана: қиындықтар, мүмкіндіктер, табысты тәжірибелер» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияда талқыланды.

Іс-шара Қостанай өңірлік университетінің 85-жылдығына орай ұйымдастырылды. Конференцияға облыс бойынша барлық кітапханалардың басшылары мен мамандары жиналып, жасанды интеллект дәуіріндегі кітапхананың рөлі, заманауи оқырманның ерекшеліктері, кітапхана қызметтері және басқа да көптеген тақырыптарды талқылады.

Назарбаев Университеті мен Қостанай өңірлік университетінің жетекші мамандары өткізген тренингтер барысында қатысушылар пайдалы кейстер алып, өзара тәжірибе алмасты.

Қабылдау комиссиясы