А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің қауымдастырылған профессоры Әсия Ансабаева және «Агрономия» білім беру бағдарламасының 1 жылдық докторанты Меруерт Меделбек осы күндері солтүстік-батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетінің (NWAFU, Қытай) профессоры Вайсинг мырзаның шақыруымен тағылымдамадан өту үшін Қытайда жүр. Мұнда қостанайлық ғалымдар NWAFU оқу орнының ғалымдарымен бірлесіп, ауыл шаруашылығы саласы бойынша докторлық диссертацияның негізін құрайтын бірқатар зерттеулер жүргізеді, ал қытай ғалымдары картоп өсіру технологиясы, жаңа сорттарды өсіру әдістемесін жетілдіру тәжірибелерімен бөлісетін болады.
Айта кету керек, А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ мен солтүстік-батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университеті (Қытай Халық Республикасы Янглин қ.) арасындағы ынтымақтастық келісіміне өткен жылдың қыркүйек айында қол қойылған болатын. Екі жоғары оқу орны да бірден келісімді іске асыруға кірісті: жоғары оқу орындары ынтымақтастықтың барлық бағыттарын көрсететін жол картасын әзірледі, олардың бірі докторанттардың бірлескен басшылығы. Бұдан бөлек, ВU базасында бірлескен агроорталық ашу жоспарлануда, оның тәжірибелік алқаптарында жаңа ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру бойынша зерттеулер жүргізіледі.