Падуан университетінің (Италия) магистранты Baitursynuly University ғылыми тағылымдамадан өтуде.
Мадина Алимбаева - Италияда “Biotechnologies for Food Science” бағдарламасы бойынша білім алып жатқан жерлесіміз. ҚӨУ-дің қолданбалы биотехнология ҒЗИ ол академиялық ұтқырлық және халықаралық ынтымақтастық аясында келді.
Магистрлік диссертациясына арнап «Жануар шаруашылығы өнімдеріндегі (сүт, ет, жем) антибиотиктер мен өсу стимуляторларының қалдық мөлшерін анықтау» тақырыбында зерттеу жұмысын Мадина өз отанында жүргізуді жөн көрді. Оның мақсаты - отандық ғылымның дамуына және тағам биотехнологиясының өзекті бағыттарына практикалық үлес қосу.
Қолданбалы биотехнология ҒЗИ мұндай халықаралық тәжірибе ғылымның дамуына, білікті мамандар даярлауға және аграрлық азық-түлік саласына инновациялық шешімдерді енгізуге ықпал ететінін атап өтті.
Айта кетейік, Università degli Studi di Padova - 800 жылдан астам тарихы бар Италиядағы ең ірі және Еуропадағы ең көне жоғары оқу орындарының бірі. Университеттің атақты түлектерінің қатарында заманауи ғылымның негізін қалаушылар Николай Коперник пен Галилео Галилей, медицина саласының пионерлері Андреас Везалий мен Уильям Харви, сондай-ақ басқа да көптеген ғалымдар бар.