object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 20:23:57.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ЖАС ҒАЛЫМДАР БАС ҚОСТЫ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы жас ғалымдар кеңесінің мүшесі Төлеген Кобжасаровтың шақыруымен А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде еліміздің жас ғалымдары бас қосты. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, PhD доктор Еламан Айбульдиновпен және министрлік жанындағы жас ғалымдар кеңесінің мүшесі, Астана қаласының «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының» вертебрологы (балалар мен ересектер), травматолог-ортопед, PhD  доктор Нұрбек Надировпен кездесу өтті. Кездесуге философия ғылымдарының кандидаты, ЧелМУ-нің Қостанайдағы филиалының әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары кафедрасының профессоры Денис Качеев және Ш. Қабылбаев атындағы Қазақстан Республикасы ІІМ академиясының қызметкерлері қатысты.

Кездесудің мақсаты – университеттің ғылыми жобаларымен таныстыру, ғылыми зерттеулер саласындағы өзекті трендтерді және жас ғалымдарға арналған ғылыми конкурстарды талқылау.

Кездесу барысында университеттің жас ғалымдар кеңесінің төрайымы, PhD докторы Ақбидаш Абдіркенова мен ЖҒК белсенді мүшелері алға қойылған мақсаттарымен бөлісіп, ойларын ортаға салды.

Қабылдау комиссиясы