object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-17 21:34:44.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Жас әрі жасыл

Ең креативті экожобалар Baitursynuly University-де жүзеге асуда!

Біздің студенттер мұны «Табиғатты бірге қорғайық!» конкурсын ұйымдастырған – Қостанай облысы экология департаменті, А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ және «Жасыл орталық» және «Эколайф» клубтарына таныстырды.

Балалардың жұмысын экология департаментінің басшысы Талғат САБИЕВ, ведомство бөлімінің басшысы Елена ЕВСТАФЬЕВА, ССКӨБ бас экологы Анатолий ДВОРНИЧЕНКО және «Баян Сұлу» АҚ экологы Қайыржан БАЙЖАНОВ бағалады.

Қазылар алқасы студенттерге экологиялық идеяларды жүзеге асыруға көмектесетін бірқатар құнды кеңестерімен бөлісті.

Үздіктерді таңдау оңай болған жоқ. Ұзақ талқылаулардан кейін макулатураны гүл құмыраларына, ашық хаттар мен карточкаларға айналдырған Риза Сақтағанова 1️ орынды иеленді.

«Циклобокс» жобасымен Жұлдызым Хамитова екінші орын алды (қайта өңдеу үшін заттарын жинау пункті).

Үшіншісі – Ольга Воробьева мен Виталий Табункиннің экотандемі, олар орнитологиялық алаң жобасын ойлап тапты.

Барлық студенттерге демеушілер – «ССКӨБ» АҚ және «Баян Сұлу»АҚ-дан бағалы сыйлықтар берілді. Құттықтаймыз!

Қабылдау комиссиясы