Baitursynuly University делегациясы Тяньцзинь қаласында (Қытай) өтетін кәсіби-техникалық білім беру саласын дамыту мақсатындағы дүниежүзілік конференцияға қатысуда.
Делегация құрамында ҚӨУ ректоры Сейтбек ҚУАНЫШБАЕВ және интернационалдандыру және академиялық ұтқырлық басқармасының басшысы Нагима МАНАСБАЕВА бар.
Конференцияға әлемнің 77 елінен, оның ішінде министрлік деңгейіндегі қатысушыларды қосқанда 600 делегатты жинап, тәжірибе алмасу мен жаңа идеялар үшін кең ауқымды алаңға айналды. Айрықша көңіл бөлінген тақырыптар қатарында цифрландыру, заманауи еңбек нарығында сұранысқа ие құзыреттіліктерді дамыту және білім беру бағдарламаларын жұмыс берушілердің қажеттіліктерімен интеграциялау мәселелері бар.
Сонымен қатар, қатысушылар жоғары технологиялар саласындағы жетістіктер көрмесіне барып, соңғы жаңалықтармен танысты.
Еске салайық, Baitursynuly University Қытаймен ынтымақтастықты белсенді түрде дамытып келеді. Университет серіктестерінің қатарында Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университеті (NWAFU) бар.