object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 22:41:16.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ МАҚАЛА

П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының «Экономика және қаржы» кафедрасының аға оқытушысы Елена Завьялова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Zhazar University, сондай-ақ Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университеті бірлесіп өткізген «Bilim zhane Bolashak» халықаралық ғылыми-зерттеу конкурсының жеңімпазы атанды.

Е.Завьялованың «Банктік қызметтерді әртараптандырудың қаржылық нәтижелерге әсері» атты мақаласы үш реттік шолу нәтижесі бойынша барлық талаптардан өтіп, рецензенттерден ең жоғары балл алды. Байқауға қатысуға өтініш білдірген 151 қатысушының 37 ғылыми мақаласы сараптамалық іріктеуден өтті, нәтижесінде барлық талаптарға сай келген мақала саны – 16.

Байқау 2022 жылы «East – West: Authority And Pоtential» ғылыми журналдары редакторларының бірінші Еуразиялық форумы аясында құрылды. Халықаралық байқау жеңімпаздары мен лауреаттарының жұмыстары ұйымдастыру комитетінің таңдауымен ««Eurasian Scientific and Methodological Journal "East-West"» ғылыми-әдістемелік журналында жарияланады.

Ал Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Ғылым күніне орай өткен «ǴYLYM JÁNE BILIM-2023» XVIII халықаралық ғылыми конференциясында «Ақпараттық технологиялар және робототехника» ББ 3 курс студенттері Аруан Ерболов пен Юрий Павловичтің баяндамалары ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Қабылдау комиссиясы