Baitursynuly University студенті халықаралық «Жылдың үздік жас ғалымы - 2025» байқауында жүлдегер атанды!
Жибек АДИЛОВА – ҚӨУ-дің шетел филологиясы факультетінің 4 курс студенті. Ол «Ғылым жастардың көзімен» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға (ұйымдастырушы – NATIONAL ACADEMY OF SCIENTIFIC AND INNOVATIVE RESEARCH (NAcSIR)) қатысты.
ҚӨУ студенті байқауға «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы» тақырыбында ғылыми мақала ұсынды.
Нәтижесінде «Жылдың үздік жас ғалымы - 2025» байқауында 2 орынды иеленді (байқау конференция аясында өткізілді).
Жібекті және оның ғылыми жетекшісі – педагогика ғылымдарының магистрі, филология және практикалық лингвистика кафедрасының аға оқытушысы Шолпанбаева Газиза Абуовнаны шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздермен мақтанамыз!