object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-23 15:06:19.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Әуе десанты

Baitursynuly University студенті Даниил ХРИСТИНЕЦКИЙ «Mangystau Bird Camp» орнитологиялық лагеріне «Hyrasia one» мегажобасы аясында қатысып, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Болгария, Грузия және Әзербайжан елдерінен келген бердвотчерлер мен орнитологтармен бірге Каспий теңізінің жағалауы бойымен қоныс аударатын 100-ден астам құс түрін зерттеді.

Жоба Германияның “Табиғатты қорғау одағы” (@nabu_international), ЭкоМузей (@ecomuseum.kz), Биоәртүрлілікті зерттеу және сақтау орталығы (@brcc.kz), Орталық Азияның “Экологиялық сараптамалық желісі”(@green_ca_network) тарапынан қолдау тапты.

Бердвотчерлер мен орнитологтар түрлі мониторинг әдістерін қолданды, оның ішінде: визуалды бақылау, дауыспен анықтау, құстардың қауырсындары мен ұяларын іздеу, фототұзақтар мен диктофондар орнату. Қатысушылар бірнеше топтарға бөлініп, бақылаушылар қатары арқылы “қоршау” жасап, үлкен аумақтарды зерттеді.

«Биология» білім беру бағдарламасының студенті Даниил Христинецкий баға жетпес тәжірибе алды. Қазір осы білімін “жаратылыстандыру пәндері” кафедрасы студенттерінен құралған бердвотчерлер клубы қатысушыларымен бөлісуде, әрі ол осы клубтың көшбасшысы болып табылады.

Қабылдау комиссиясы