Baitursynuly University профессоры халықаралық конференцияда Қазақстанды таныстырды.
«Соғыс батырлары – спорт батырлары» атты ғылыми-практикалық конференция Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналды. Шара Қазан қаласында өтіп, Ресей, Қазақстан, Түрікменстан, Әзербайжан және Қырғызстаннан келген 100-ден астам қатысушыны біріктірді.
ҚӨУ педагогикалық институты, Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Айбек Шалгимбеков конференцияның пленарлық отырысында «Ұлы Отан соғысы тарихи санамызда: жеке, ұжымдық және мемлекеттік өлшемдер» тақырыбында онлайн баяндама жасады.
Айбек Батырханұлы баяндамадан бөлек, нақты деректер келтіре отыра университеттің қызметі туралы, мектептермен тығыз ынтымақтастық байланыс туралы сөз сөйледі.
Ұйымдастырушылар өткен аптада ҚӨУ-де ардагерлермен, шекарашылармен, мұғалімдермен және оқушылармен өткен кездесуді жоғары бағалады.
Конференция туралы көрсетілім көрермендердің қошеметіне ие болды.