Baitursynuly University-де «Халықаралық ғылыми журналдарға арналған жарияланымдарды дайындау жөніндегі гайд» атты ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Экономика және қаржы кафедрасы ұйымдастырған іс-шара Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің 85-жылдығына орайластырылған. Модератор ретінде кафедра профессоры Нәлима Сартанова мен докторант Рақшан Амантаева болды.
Семинарға 4 курс экономика және құқық және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеттерінің студенттері, магистранттар, докторанттар, оқытушылары қатысты.
Семинар жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар мен қонақтар оның өзектілігін, шығармашылығы мен практикалық пайдасын атап өтті.