object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-26 05:43:36.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

БУХГАЛТЕРЛЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ

Бүгін А. Байтұрсынұлы атындағы экономика және құқық факультетінде. халықаралық бухгалтерлер күніне орай халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Пленарлық отырыс «Қазіргі экономикалық үрдістер жағдайында аудиторлық қызметті дамытудың басым бағыттары» тақырыбына арналып, офлайн режимінде өтті. Конференция бес секцияда өтті:

Инновациялық экономикадағы есеп және аудит;

Менеджмент және маркетинг: қазіргі жағдай;

Қазіргі экономика жағдайындағы экономикалық процестер мен қаржылық қатынастардың трансформациясы;

Цифрландыру, энергетикалық қауіпсіздік, көлік-логистика саласы-қазіргі Қазақстанның негізгі даму векторлары;

Қазіргі заманғы құқықтануды дамытудың әдістемесі мен практикасы.

Секциялық баяндамалар онлайн режимінде ұсынылды. Әр түрлі бағыттар бойынша бес бөлімде 100-ден астам баяндама тыңдалды.

Конференцияға Рудный индустриалды институты, КИНЭУ, Тұран университетінің, З. Алдамжар атындағы әлеуметтік-техникалық университетінің, Қонаев университеті, Алтай мемлекеттік университеті және ЧелМУ ғалымдары қатысты.

Қабылдау комиссиясы