Биіктен көрінген СТУДЕНТТЕР!

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай «Шоқан Уәлиханов – қазақ халқының даңқты ұлы» атты дөңгелек үстел өтті.

Бұл шараға өңірдің белгілі ғалымдары қатысты. Солардың арасында тек үш студент ғылыми баяндама жасап, өз білімін дәлелдеді. Үшеуі де – ҚӨУ-дің студенттері!

Кім-кімдер сөз сөйледі? ҚӨУ Педагогикалық институтының «Тарих және қоғамтану» білім беру бағдарламасының студенттері:

Студенттер мазмұнды зерттеу жүргізіп, сапалы презентация жасап, ғылыми материалдарын ұсынды.

Олардың ғылыми жетекшісі – тарих ғылымдарының кандидаты, ҚӨУ-дің қауымдастырылған профессоры Айбек Шалғымбеков.

Профессордың айтуынша, студенттер бар болғаны екі ай ішінде терең ғылыми ізденіс жасап, жоғары нәтижеге қол жеткізген.

«Біздің студенттер әрі дайындығымен, әрі білім-білігімен дараланып, ұйымдастыру комитеті арнайы таңдап шақырды. Бұл – олардың біліміне, ізденісіне және кәсіби деңгейіне берілген зор баға», – дейді ұстаз.

Жас зерттеушілерді шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерді мақтан тұтамыз!

Қабылдау комиссиясы