object(DateTime)#1026 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-01 04:25:55.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚМПУ қайтадан жобада

2018 жылдың қараша айында "Қазақстан университеттері озық технологияларды пайдалана отырып, оқыту сапасын қамтамасыз ету процестерін жетілдіру үшін" жаңа "KUTEL"жобасы басталды. Бұл Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті қатысатын екінші халықаралық жоба. Бұл жоба Еуропалық комиссияның қолдауымен қаржыландырылады.

Бұл жобадағы жұмыс 3 жылға есептелген. Бұл жобаның негізгі мақсаты заманауи білім беру технологияларын қолдану арқылы оқыту сапасын қамтамасыз ету процестерін жетілдіру болып табылады. Осыған байланысты ЖОО-дағы білім беру процесі сапасының жай-күйін талдау және оқытудың қазіргі заманғы білім беру технологияларын пайдалануды талдау бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді.

"KUTEL" жобасына Қазақстанның жоғары оқу орындары қатысады: Алматы, Астана, Көкшетау, Жезқазған, Ақтау. Болгарияның, Грецияның жоғары оқу орындары серіктес болды,ал университет-жоба үйлестірушісі Гульельмо Маркони университет( Рим, Италия)  болып табылады.

Қабылдау комиссиясы