object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-23 23:42:06.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Қазақ және түрік фольклорының ортақ тұсы неде?

Бұл сұрақтың жауабын Baitursynuly University Филология және практикалық лингвистика кафедрасының аға оқытушылары Мира Мұратқызы мен Ақжан Алтыбаева іздеп көрді.

Олар Түркияның ең көне қалаларының бірі Измирде зерттеулер жүргізді.

Тағылымдама «Болашақ» халықаралық бағдарламасының «500 ғалым» жобасы аясында өтті.

- Біз Эгей университетінің (Ege Üniversitesi) ғалымдарымен бірлесіп түрік халқымен бірге қазақ халқының да фольклорын қатар зерттедік, - дейді Мира Мұратқызы. - Бірлескен ғылыми жұмыстар, мақалалар жаздық, халықаралық ғылыми семинар өткіздік, фольклорлық экспедицияларға бардық.

Біздің үйлестірушілеріміз қазақ тілін жетік меңгерген, өйткені олар Қазақстанмен бұрыннан ынтымақтастықта, сондықтан тілдік кедергі болған жоқ.

Тағылымдама кезінде ауқымды материал жиналды. Қазір «отбасылық-салттық фольклор» атты қазақ-түрік ғылыми жұмысын біріктіру үшін бір жүйеге келтіруде.

Алдағы жаңа оқу жылында ҚӨУ мен Эгей университетінің ынтымақтастығы жалғасады.

Қабылдау комиссиясы