object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-03-31 14:04:10.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

БОЛАШАҚ мамандарын дайындау

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «ИННОВА – 2025»: білім мен бизнестің синергиясы - болашақ мамандарын даярлау» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.

Жиынның белсенді қатысушылары қатарында қаламыздың ірі кәсіпорындары - «KamLitKZ» ЖШС, «АгромашХолдинг KZ» АҚ, А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ және Қостанай облысының 15-тен астам кәсіби колледждерінің өкілдері қатысты.

ҚӨУ-дің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Эльмира Наурызбаева жоғары оқу орындары, колледждер мен бизнес арасындағы тиімді ынтымақтастық - қазіргі еңбек нарығының талаптарына сай білікті мамандар даярлауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Пленарлық отырыс барысында үздіксіз кәсіптік білім беру жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері қарастырылды. Атап айтқанда, білім беру мекемелерінің қазіргі еңбек нарығы талаптарына бейімделуі, жоғары оқу орындары мен кәсіпорындардың дуалды оқыту аясындағы өзара іс-қимылының тиімділігі, сондай-ақ жасанды интеллекттің оқу процесіне ықпалы талқыланды.

Конференцияның спич-сессияларына Қостанай автомобиль көлігі колледжі, Қостанай құрылыс колледжі, Арқалық политехникалық колледжі, Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі, сондай-ақ Н.Ф. Катанов атындағы Хакас университетінің өкілдері белсенді атсалысты.

Қатысушылар білім беру мен бизнестің интеграциясын дамыту стратегияларын, оқыту әдістерін жетілдіру жолдарын, сондай-ақ қарқынды дамып келе жатқан экономика жағдайында сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды даярлау бойынша тиімді шешімдерді талқылады.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында өндірістік сала мамандарын тарту мен тәлімгерлерді даярлау бұл саланың тұрақты дамуының берік негізін қалайды. Осылайша, жастар нақты өндірістік тәжірибе жинақтап, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін едәуір арттыра алады.

Конференция аясында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының колледждері мен жоғары оқу орындарының 88 өкілі ғылыми жарияланымдар дайындауға қатысты.

«ИННОВА – 2025» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы кәсіпорындар мен колледждер арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіруге, жастарға кәсіби бағдар беруге және заманауи байланыс құралдары арқылы жұмысшы кәсіптерін насихаттауға арналған маңызды алаңға айналды. Бұл бизнес пен білім беру жүйесі арасындағы байланысты нығайтуға айтарлықтай үлесін қосады.

Қабылдау комиссиясы