object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-27 03:33:59.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Тарихи тәжірибе және қазіргі кезеңнің мәселелері

«XIX ғ. және XX ғ. басында Орталық Азиядағы әкімшілік басқару жүйесінің трансформация процестері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция 8 қарашада Baitursynuly University өтті.

Іс-шара «Торғай облысындағы (1868–1917 жж.) Ресей империясының институттары мен жергілікті басқару органдары: отарлық жүйенің бейімделген тәжірибелері» атты гранттық зерттеу жобасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды. Жоба жетекшісі - Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты, Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Майсара Бекмағамбетова.

Конференция жұмысына Франция, Түркия, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Қазақстанның Астана, Алматы, Ақтөбе, Семей, Қарағанды, Тараз және басқа да қалаларынан халықаралық ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты.

Конференция Ресей империясының ұлттық шет аймақтарға қатысты саясаты мәселелерін постколониялық рефлексия жағдайында талқылау алаңына айналды.

Қабылдау комиссиясы