7-8 қазан күндері Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің базасында Қазақстан өңірлерінің жаңа мамандықтар мен құзыреттер Атластарын әзірлеу бойынша республикалық жоба аясында Қостанай облысына арналған форсайт-сессия өтіп жатыр.
Жоба Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетімен консорциумдық келісім аясында жүзеге асырылады.
Форсайт-сессия еңбек нарығының перспективалы даму бағыттарын анықтауға және болашақ мамандардың біліктілігі мен дағдыларына қойылатын талаптарды қалыптастыруға бағытталған.
Қостанай облысындағы жұмыс үш басым салаға шоғырланады: ауыл шаруашылығы, машина жасау және құрылыс.
Оған жұмыс берушілер, кәсіпорындар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері шақырылып, еңбек нарығының ағымдағы және болашақтағы қажеттіліктерінің толық көрінісін жасауға мүмкіндік береді.
Форсайт-сессия аймақтың кадрлық әлеуетін дамытуға және экономикамыздың басым салаларының тұрақты өсуі үшін мамандарды даярлаудың стратегиялық бағыттарын анықтауға ықпал етуді мақсат етеді.