object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-23 22:39:48.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

ҚЫЗЫҚТЫ ЖОБА

Энгельс технологиялық институтында (Ресей, Саратов мемлекеттік техникалық университетінің филиалы) өткен «Электрохимиялық процестер теориясы мен практикасының өзекті мәселелері» атты жас ғалымдардың V халықаралық конференциясына 6В05301–«Физика» білім беру бағдарламасының студенті Максим Подосёнов пен жетекшісі, аға оқытушы Юрий Мартынюк қатысты. Конференцияда ТМД елдерінің жас ғалымдарынан химиялық ток көздері, гальваникалық технология, химия өндірісіндегі экология сияқты бағыттарды қамтыған 37 баяндама келіп түсті.

А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің студенті мен оның жетекшісі онлайн форматта әсер ету принципі бойынша адам мен жануарлардың мұрнына жақын, иістерді тануға арналған электронды мұрынды, яғни құрылғыны зерттеуге арналған баяндаманы көпшілік назарына ұсынды. Бұл – А.Айтмұхамбетов атындағы инженерлік-техникалық институтының математика және физика кафедрасы үшін аталмыш тақырыптағы алғашқы зерттеу жұмысы.

Баяндама конференцияға қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды, баяндамадан кейін көптеген сұрақтар ғана емес, сонымен қатар жобаны әзірлеу бойынша көптеген пайдалы және практикалық кеңестер берілді.

Қабылдау комиссиясы