object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 00:13:26.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ИННОВА-2021

Бүгін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде дәстүрлі «Иннова-2021» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті. Тек бұл жылы форматы өзгеше – онлайн.

Конференцияға қатысушыларды бірінші проректордың міндетін атқарушы, техника ғылымдарының кандидаты Арман Исмаилов құттықтады.Жалпы отырыс барысында білім берудің алты өзекті мәселелері бойынша баяндамалар тыңдалды: «Университетте инновациялық стратегияларды, оқыту мен оқу әдістерін қолдану мүмкіндіктері», «Киберпедагог - біздің болашағымыз ба, әлде бүгініміз бе?», «Педагогикалық емес ЖОО-да студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуге дайындығын дамытудағы педагогиканы оқытудың қолданбалы бағыты», «Университеттегі инклюзивті білім беруді психологопедтік қолдаудың өзекті мәселелері», «Университеттегі қашықтықтан оқыту. Карантинге дейін және кейін», «Тиімді онлайн-оқытудың цифрлық ресурстары». Одан кейін «ЖОО-дағы инверттелген білім беру» тақырыбында мастер-класс өтті. Спикер Аксана Позднякова – Бельгия Білім кеңесінің директоры, еуропалық жобалар бойынша сарапшы / Брюссель /.Конференцияның екінші бөлімі инклюзивті білім берудің өзекті мәселелеріне арналды. Спикер – Лилия Саркисян, психология ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің инклюзивті білім беруінің бастауында тұрған психология кафедрасының профессоры.Онлайн-бөлімдерде Санкт-Петербург, Орехово-Зуево, Ростов-на-Дону, Челябинск қалаларының жетекші ресейлік ғалымдарымен және біздің көптен бергі серіктестеріміз – Н.Катанов атындағы Ресей мемлекеттік университетінің (Абакан) және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ғалымдарымен мәнді диалог өтті.

Қабылдау комиссиясы