object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-25 08:10:14.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Иннова - 2020

Білім берудегі инновациялар, ізденістер және оларды шешу жолдары - бұл тақырыптар «Иннова-2020» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясында қарастырылады. Бір жеті бойы түрлі тақырыптарды қозғайтын аталмыш конференция бүгін ҚМУ-нің Smart-орталығынан бастау алды.


Бірінші болып сөз алған – академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Арман Исмаилов. Ол қатысушыларды құттықтап, істеріне сәттілік тіледі: «Қазіргі уақытта Қазақстан жаһандық білім беру кеңістігіне енуге бағытталған жаңа білім беру жүйесін дамытуда. Бұл процесс теория мен тәжірибеде айтарлықтай өзгерістермен бірге жүреді. Мен барлық конференция қатысушылары қызықты және пайдалы тақырыптар мен есептердің арасынан өздеріне керектісін табады және Секциялардағы жұмыс жемісті, сонымен қатар сындарлы талқылаумен қатар жүреді деп сенемін».

Пленарлық отырыста тыңдалған баяндамалар әріптестеріміздің қызығушылығын туғызып, қызу талқыға түсті.

Университеттің оқу-әдістемелік басқарма бастығы Татьяна Чехованың айтуынша, конференция аптаның соңына дейін жалғасады. Дәстүр бойынша мастер-кластар, пікірсайыс алаңдары, оқыту семинарлары өткізіліп, онда көптілді білім беру, тәжірибеге бағдарланған оқыту, қазақ тіліне аударылған жаңа оқулықтарды енгізу мәселелері қаралады. Онлайн режимінде алғаш рет Н.Катанов атындағы (Абакан қаласы) Ресей мемлекеттік университетінің және Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің жетекші ғалымдарымен пікір алмасу сағаты өтеді.

Қабылдау комиссиясы