object(DateTime)#1044 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-09-30 17:38:32.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

«ЖИ және білім: ЖАҢА БЕЛЕСТЕР»

29 қыркүйектен 4 қазанға дейін Қазақстанда Жасанды интеллект апталығы өтіп жатыр.

Осы аяда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті білімнің болашағын талқылауға арналған орталық алаңға айналды.

Бүгін ҚӨУ-де «ЖИ және білім: жаңа көкжиектер» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өңір педагогтері бас қосты.

Жиынның негізгі мақсаты – технологияны білімге серік ету жолдарын айқындау, тәжірибе бөлісу және ЖИ-ды мектеп пен жоғары оқу орындарына енгізудің нақты амалдарын ортаға салу.

«Бұл – студенттер үшін өз қабілетін танытып, заманауи білім-дағдыларды игеруге зор мүмкіндік. Мұндай басқосулар уақыт талабынан қалыс қалмай, болашаққа нық қадам жасауға жол ашады», – деп атап өтті ҚӨУ-дің оқу ісі жөніндегі проректоры Эльмира Наурызбаева.

Өңір мектептерінің ұстаздары да жиынға белсене қатысты. Олар:

Ұстаздар ЖИ курстарынан алған тәжірибесін ортаға салып, жобалар мен университет пен мектептің бірлескен жоспарларын сөз етті.

ҚӨУ – тек білім ордасы ғана емес, болашақ технологиялар орталығы. Мұнда жаңашылдыққа бейім, еркін ойлайтын жаңа буын студенттері тәрбиеленуде.

AI Week шеңберінде ҚӨУ-дің іс-шараларын ұйымдастыруға Қостанайдағы Astana Hub филиалы – Qostanai Hub @qostanai.hub қолдау көрсетті.

Қабылдау комиссиясы