object(DateTime)#1043 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-09-23 14:48:44.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

GreenAgro. Штутгарт. ҚӨУ

Baitursynuly University ғалымдары Германияда GreenAgro халықаралық жобасының жұмыс тобы құрамында еңбек етуде.

Хоэнхайм университетінде (Штутгарт қ., Германия) ҚӨУ-дің зерттеулер, инновациялар және цифрландыру жөніндегі проректоры Жеңіс Жарлығасов пен қауымдастырылған профессор Ниязбек Қалымов ауыл шаруашылығындағы жасыл технологияларға қатысты қорытынды мастер-класстарға қатысуда.

Сапар барысында ғалымдар университеттің органикалық егіншілік, мал шаруашылығының органикалық қалдықтарын биогаз өндіру мақсатында кәдеге жарату бағытындағы зерттеу станциясында болды.

Аталған жобада Қазақстанды бірнеше жоғары оқу орнының ғалымдары таныстыруда. Олардың жұмысының нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласында жасыл технологиялар, органикалық егіншілік, қалдықтарды кәдеге жарату әдістері, биологиялық алуан түрлілікті сақтау негізінде табиғатты қорғау өндірісі жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізілмек.

Қабылдау комиссиясы