«Жас ғалым» байқауының төртінші жеңімпаз жобасы - «Қостанайдағы жылқылардың спорттық көрсеткіштеріне MSTN генінің полиморфизмі мен SINE элементтерінің әсері және олардың генетикалық әртүрлілігі».
Жобаның авторы - ҚБ ҒЗИ молекулалық-генетикалық зерттеулер зертханасының меңгерушісі Бахит БАЙМЕНОВ.
Жоба не туралы?
Бұл жоба атақты Қостанай тұқымының генетикалық ерекшеліктерінің оның спорттық қабілеттеріне қалай әсер ететінін зерттеуге арналған.
Ғалым не істемек?
Қостанай жылқыларының генетикалық әртүрлілігін жан-жақты зерттеу үшін микросателлитті маркерлер мен миостатин синтезіне жауап беретін геннің полиморфизмдерін талдайды. Бұл полиморфизмдер жылқылардың спорттық сипаттамаларын анықтауда маңызды рөл атқарады. Генетикалық талдау жүргізу үшін кемінде 100 биологиялық материал үлгісі жиналады.
Бұл не үшін қажет?
Зерттеу нәтижелері Қостанай тұқымын жетілдірудің қосымша резервтерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде елдегі спорттық жылқы шаруашылығындағы селекциялық процесті тиімді басқаруға көмектеседі.