ҚАРЖЫГЕРЛЕР жасанды интеллектпен «достасты»

ҚӨУ-нің экономика және құқық факультетінің студенттері академик Зұлхарнай Алдамжарды еске алуға арналған «Жасанды интеллект және цифрлық әлемнің сынақтары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Конференция үш секцияға бөлінді: білім берудегі цифрлық трансформация, әлеуметтік-экономикалық нысандарды басқаруда жасанды интеллектті пайдалану, шағын және орта бизнесті цифрландыру және роботтандыру.

Қатысушылар өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсынып, жаңа технологияларды енгізу перспективалары мен олардың еңбек нарығына әсерін талқылады.

Конференция қорытындысы бойынша Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің («Қаржы» білім беру бағдарламасы) студенттері жақсы нәтиже көрсетті.

Бірінші орынды екі бірдей студентіміз Таңшолпан Бекентай мен Татьяна Запорощенко жеңіп алды.

Екінші орынды ҚӨУ-нің студенттері Мия Магай мен Дана Күйшебаева өзара бөлісті.

Жеңімпаздар дипломдармен, сертификаттармен марапатталды, ал барлық қатысушыларға еңбектері мен жетістіктері үшін алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Қабылдау комиссиясы