object(DateTime)#1026 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-06 16:24:10.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Feng, Tang, Chen, Wu - сіздерге ҚӨУ есігі әрдайым ашық!

Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетінің (Қытай) магистранттары Baitursynuly University тағылымдамадан өткендігі туралы сертификаттар алды!

Біздің білім ордасында Feng Longting, Tang Zhongyan, Chen Jim және Wu Yilun екі ай білім алды.

Олар ҚӨУ ғалымдарымен бірге Қостанай тәжірибе алқаптарында картоптың, бидайдың, сояның, жүгерінің, рапстың және жоңышқаның элиталық Қытай сорттарын өсіру бойынша тәжірибеге қатысты.

Baitursynuly University ректоры Сейітбек ҚУАНЫШБАЕВ шетелдік студенттерге сертификаттарды табыс етті. Шетелдік магистранттар жауап ретінде басшылыққа, оқытушыларға қонақжайлылық пен алған білімдері үшін алғыстарын білдірді.

Қабылдау комиссиясы