Жыл сайын 2 ақпанда әлем жұртшылығы Дүниежүзілік сулы-батпақты алқаптар күнін атап өтеді. Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институт бұл бастаманы дәстүрлі түрде қолдап келеді.
Аталмыш кафедра 2004 жылдан бері студенттер мен магистранттардың қатысуымен түрлі форматтағы танымдық шараларды үздіксіз өткізіп келеді.
Биыл шараға түлектер атсалысты.
«Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар. Рамсар конвенциясы» атты дөңгелек үстел басына 50-ден астам қатысушы жиналды. Олардың қатарында «Биология», «Химия» және «География» білім беру бағдарламаларының білім алушыларымен қатар, Рудный қаласындағы №21 және №10 гимназиялардың, Қостанай қаласындағы №3 мектеп-гимназияның ұстаздары, медицина мекемелерінің мамандары мен Қазақстандық биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының (АСБК) өкілдері болды.
Алқалы жиынды ұйымдастыруға Экология және биология мәселелерін ғылыми зерттеу орталығы, биология ғылымдарының докторы, профессор Татьяна Брагина, кафедраның аға оқытушысы Мария Рулёва және кафедра жанындағы «Бердвотчерлер клубы» ұйытқы болды.
Профессор Брагина өз баяндамасында Дүниежүзілік сулы-батпақты алқаптар күнінің мәніне тоқталып, Қазақстанның биологиялық әртүрлілікті сақтау жолындағы қол жеткізген жетістіктерін саралады. Сонымен қатар, биология мамандығының магистранттары Кристина Антонова, Ольга Воробьева, Игорь Миронов және Виталий Табункин су экожүйелері мен оның құс әлемін зерттеу бағытындағы ғылыми еңбектерін таныстырды.
Ал 3-курс студенті Даниил Христинецкий Маңғыстау облысына жасалған халықаралық экспедициялық зерттеулердің нәтижелерімен бөлісті.
Жиын соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, табиғатты қорғау мәселелерін талқылады.



