object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-12 20:34:28.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

«Бұл толық зерттелген алғашқы геоглиф»

Baitursynuly University-ның ғалымдары мен студенттердің кезекті археологоиялық маусымы аяқталды!

Археологиялық үйірме және жалпы ғылым коллекциясына әкелген олжалар мен жаңалықтар туралы ҚӨУ археологиялық зертханасының аға ғылыми қызметкері Ирина Шевнинамен әңгімелесеміз.

- Өткен жылы Торғай экспедициясының мүшелері жерлеуді қазып, геоглифтерді шешудің кілтін тапты. Ал биылғы маусым немен есте қалды?

Биылғы жылы А.Х.Марғұлан атыңдағы археология институтындағы  әріптестермен бірлескен жоба аясында, біз қорым тапқан Қаратұрғай сақинасын зерттеп бітірдік. Айналасындағы барлық үйінділерді, арықтарды қазып шығардық.

Бұл ерте темір дәуірі, ерте сармат мәдениеті екенін қазірдің өзінде нақты айта аламыз. Айтпақшы, бүгінгі күнге дейін, бұл толық зерттелген алғашқы геоглиф.

Ол 2010 жылдан бері ғалымдарды мазалаған сұрақтарға жауап берді. Геоглифтер дегеніміз не? Оларды кім салды? Енді біз сарматтардың салт-жораларды өткізген ғұрыптық-киелі құрылымдар екенін сенімді түрде айта аламыз. Сарматология жаңа үлгідегі ескерткіштермен толықты.

- Қалған үйінділерден не анықталды?

Олардың барлығы 9 болды деп айта аламыз, бұл сақина ішіндегі сақиналар - шеңбер-үйінді, ішіндегі сақиналы қоршау, сақиналы арықтың сыртында және осының барлығы ортақ сақинадағы.

Бірінде біз бұрын еркек пен әйелдің жерленген жерін таптық. Қалғандарында тастан жасалған сақиналы қоршаулар, антропоморфтық бейнелер, таңбалар (отбасылық белгі, мөр) болған.

Біз Мәскеулік сарматолог әріптестерімен ақылдасып, бұл атақты, бірақ кедей отбасының жерлеуі - отбасылық таңбалар бар, бірақ алтын бұйымдар немесе басқа мәртебелі заттар жоқ деген қорытындыға келдік.

- Жаздың аяғында ауа райы еркелетпейтін. Жаңбыр жұмысыңызды қиындатпады ма?

Жаздың бірінші жартысында Денисов ауданындағы Қамысты елді мекенін зерттедік. Оңай болған жоқ, суды помпамен сорып шығардық. Тым болмаса Торғайда жылынамыз деп ойладық (күледі). Бірақ сол жерде де жаңбыр астында қазба жұмыстарын жүргізу тура келді.

Дегенмен, бәрібір жемісті жұмыс жасадық, барлығының көңілінен шықты - мұғалімдер де, студенттер де. Біз нысанды толық зерттедік, енді антропоморфтық мүсіндер мен таңбаларды талдайтын боламыз.

Қабылдау комиссиясы