«Бұл шынымен археологияның мерекесі болды!»

Baitursynuly University ғалымдары Андрей Логвин және Ирина Шевнина «Еуразия археологиясының қазіргі кездегі көкжиектері мен парадигмалары» атты бірінші халықаралық археологиялық симпозиумға қатысты!

Іс-шара көрнекті археолог Кималь АКИШЕВТІҢ туғанына 100 жыл толуына орай арналды. Оны ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат НҰРБЕК ашты.

Симпозиумға алыс-жақын шетелден 20 елінен: Ресей, Өзбекстан, Армения, Молдова, Польша, АҚШ, Кипр, Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Қытай, Нидерланды және Моңғолия ғалымдары қатысты.

Baitursynuly University-ден археологиялық зертхананың меңгерушісі Андрей ЛОГВИН және аға ғылыми қызметкер Ирина ШЕВНИНА баяндама жасады. Олар Тұрғай неолитіне қатысты панельдік баяндама ұсынды.

-Симпозиум өте жемісті, қызықты және нәтижелі өтті, - деп бөлісті Ирина Викторовна. – Ұйымдастырушыларға, әсіресе директоры Ақан Оңғарұлы басқарған А.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ұжымына ерекше алғыс айтамыз! Бұл шынымен археологияның мерекесі болды.

Қабылдау комиссиясы