object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-22 08:55:45.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Эксперимент сәтті өтті!

Қытайдың Солтүстік-Батыс ауылшаруашылық және орман шаруашылығы университетінің (ҚХР) PhD докторы Жанг Пэнг және профессор Вейсин Шан Baitursynuly University тәжірибе алқаптарына барды. Шетелдік ғалымдар халықаралық ауылшаруашылық эксперименттің аралық нәтижелерін бағалады.

-Қытайдан әкелінген дақылдардың біздің өңірдің жағдайына бейімделуі сәтті өтті, — деп түсіндіреді ҚӨУ кафедрасының доценті Асия АНСАБАЕВА. — Қытайлық әріптестер эксперименттің жақсы өтіп жатқанын растады, алғашқы жылдың нәтижелері қуантады.

Картоппен қатар, қытайлық ғалымдар қостанайлық әріптестерімен бірге жоңышқа, бидай, соя, жүгері және рапс егістіктерін де аралап, баға берді. Бұл өсімдіктер де Қостанай жерінде жақсы бейімделген.

Еске сала кетейік, Baitursynuly University өткен жылдан бастап Қытайдың Солтүстік-Батыс ауылшаруашылық және орман шаруашылығы университетімен (ҚХР) серіктестік орнатқан. Ынтымақтастық студенттерді оқыту мен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу бағытында жүзеге асырылуда.

Қабылдау комиссиясы