object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-22 08:01:55.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Эксперимент ЖАЛҒАСУДА

Baitursynuly University біздің университет пен қытайлық ғалымдардың бірлесіп жүргізіп жатқан ғылыми экспериментінің алғашқы нәтижелері қорытындыланды.

Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетінің профессоры (NWAFU (ҚХР) Шань Вэйсин тағы да ҚӨУ келді.

Эксперимент барысында Қытайдан әртүрлі тұқым түрлері әкелінді, оның ішінде: 10 сұрып бидай, 9 сұрып картоп, 3 сұрып жүгері, 5 сұрып соя және 1 сұрып рапс.

Қытайлық әріптестеріміз біздің мамандарымыздың жұмысын бақылауда. Жазда олар жергілікті ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің егіс алқаптарына біздің мамандарымызбен бірге барған болатын.

Профессор Вэйсин осы жұмыстардың нәтижелері бойынша дөңгелек үстелде әртүрлі ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру және оларды жақсарту бойынша нақты ұсыныстарымен, не нәрсеге басты назар аудару қажеттілігін атап өтті.

Алғаш рет «Қытай сұрыптарының экологиялық сынақтары» және «Элиталық картоп сорттарын тексеру» тақырыптарындағы бірлескен зерттеулердің алғашқы нәтижелері ұсынылды.

Талқылауға ауылшаруашылық ғылымдары факультетінің деканы Алмабек Нугманов, ҚӨУ оқытушылары мен магистранттары, сондай-ақ біздің университетіміздің серіктестері: «Каркын» ЖШС директоры Еркин Буканов және Қостанай облысындағы өсімдіктерді қорғау және карантин ұлттық ғылыми-зерттеу институтының директоры Орынбай Алиев қатысты.

ҚӨУ ректоры Сейтбек Қуанышбаев профессор Шань Вэйсинге университетімізге келгені үшін өз алғысын білдіріп, университеттеріміздің ынтымақтастығын жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Қабылдау комиссиясы