Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ «Экология» білім беру бағдарламасының студенттері республикалық олимпиадада 3-орынға ие болды.
Бұл «Экология» білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы XVII пәндік олимпиаданың ІІ кезеңі болатын.
Сайыс Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында өтті.
Студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Сіздермен мақтанамыз!