object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 02:34:15.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

"Мен көремін – ұсынамын" экочелленджі

Әдістемелік инновациялар панорамасы және "Табиғаттың жаңаруы - 2024" экологиялық күндер фестивалі аясында биология, экология және химия кафедрасының аға оқытушылары З.Г. Жокушева және Г.Т.Казкенова "Мен көремін – ұсынамын" экочелленджін өткізді, оған Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты,  машина жасау, энергетика және ақпараттық технологиялар факультеті, ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің 1 курс студенттері белсенді қатысты.

Іс-шараның мақсаты студенттердің зерттеу дағдыларын дамыту, экологиялық ойлауды және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру болды. Конкурсқа қатысу үшін студенттерге қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, Қостанай қаласының аулаларын көгалдандыру проблемаларына көзқарас пен талдау ұсыну, жергілікті өнім нарығымен танысу қажет болды.

Экочеллендж қорытындысы бойынша келесі шағын командалар үздік атанды: Жалғасбаева Лида және Лепес Ақерке (Ө.Сұлтанғазин атындағы пед.институты), Дегтярева Диана және Гончарова Алина (Ауыл шаруашылығы ғылымдарының факультеті), Амангелдиев Серік және Дүзенов Бауыржан (Ө.Сұлтанғазин атындағы пед.институты), Дүйсенбіаяқөз және Сапақов Бақдәулет (Машина жасау, энергетика және ақпараттық технологиялар факультеті).

Үздік жұмыстар "Қостанай облысы бойынша экология департаменті" ММ басшысының грамоталарымен марапатталды.

Қабылдау комиссиясы