object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-05-03 12:24:03.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Джек БЕРНЕР: «Мен сіздердің ғалымдарыңыздан көп нәрсе үйрендім»

Бүгін ҚӨУ-дің археологиялық зертханасында Сент-Луис қаласындағы (АҚШ) Вашингтон университетінің докторанты баяндама жасады.

Джек Бернер Baitursynuly University алғаш рет келіп отырған жоқ. Оны Еуразия тарихы қатты қызықтырады.

Оның докторлық диссертациясы протоқалалық қоныстар табиғатына арналмақ.

Бұл еңбегінде америкалық зерттеуші ҚӨУ археолог-әріптестерінің материалдарын пайдаланады.

Бүгін археологиялық зертханада қонақ өз зерттеулері жайлы баяндама жасап, сұрақтарымызға жауап берді.

Ғалым ретінде сізді ҚӨУ-мен ынтымақтастықта не қызықтырады?

- Мені Ирина Шевнина мен Андрей Логвиннің зерттеулері қызықтырады. Олар мен үшін өте маңызды археологиялық тақырыптармен айналысады. Атап айтқанда, бұл Еуразия даласындағы қола дәуірінің протоқалалары. Бұл деректер менің диссертациям мен ғылыми мақалаларым үшін өте маңызды.

Бұл сапарыңыздың мақсаты қандай?

- Мен 2024 жылы Қамыстыда жүргізілген қазба жұмыстарының археологиялық материалдарын алу үшін келдім. Сонымен қатар 2025 жылы Бестамақтағы болашақ зерттеу жоспарларын талқылау үшін.

Бұл сапар қаншалықты нәтижелі болды?

- Бұл сапар өте жемісті өтті. Археологтар, соның ішінде докторант Алмас Жалелов, маған археологиялық материалдарды жинауға көмектесіп, сапарымды ұйымдастырды.

ҚӨУ археологтарының жұмысын қалай бағалайсыз?

- Шын мәнінде керемет! Мен сіздердің ғалымдарыңыздан көп нәрсе үйрендім. Қола және қолаға дейінгі дәуірдің маңызды қоныстары үнемі зерттеліп жататын бұл аймаққа халықаралық зерттеушілердің қызығушылық танытуы тегін емес.

Біздің ғалымдармен бірге жасаған ашылымдарыңыздың ерекшелігі неде?

- Біз қола дәуірінің белгілі қоныстарына және олардың сыртындағы (мұнда мәдени қызметтің іздері бар-жоғы әлі белгісіз) аумақтарға геохимиялық және GIS-зерттеу жүргізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар менде жаңа археологиялық нысандарды іздеуге қолдануға болатын спутниктік суреттердің үлкен базасы бар. Мұндай зерттеулер бұл ескерткіштерде бұрын жүргізілмеген.

Алдағы уақытта бірлескен зерттеулер бойынша қандай жоспарларыңыз бар?

- Мен ҚӨУ археологтарымен ынтымақтастықты жалғастырамын. Биылғы жазда Бестамақтағы жобаларына қосыламын, ал келесі жылдары жаңа археологиялық нысандарды анықтау бойынша жұмысымызды жалғастырамыз деген үміттемін. Сонымен қатар, қазан айындағы конференцияға кейбір деректерімді ұсынамын, онда доктор Шевнина мен доктор Логвин Қамыстыдағы зерттеулерінің нәтижелерін таныстырады.

Қабылдау комиссиясы