ҚӨУ намысын АБЫРОЙМЕН қорғады!

Baitursynuly University студенті Түркияда өткен халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясына қатысты.

Конференцияның тақырыбы – «Білім берудегі заманауи технологиялар: инновациялар, әзірлемелер, тәжірибе алмасу – 2». Іс-шараны «USDIK USTAZ» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырды.

Анталья қаласында (Түркия Республикасы) өткен конференцияға әртүрлі елдердің жоғары оқу орындарының өкілдері қатысып, тәжірибе алмасу және кәсіби шеберлікті арттыру мақсатында бас қосты.

ҚӨУ-дің әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің 1-курс студенті («Тарих» білім беру бағдарламасы) Данара Валиева конференцияда «180-летие Абая Кунанбаева: наследие великого поэта в культуре мира» тақырыбында баяндама жасады.

Студентіміздің еңбегі жоғары бағаланып, Данараның мақаласы республикалық ғылыми-зерттеу журналы «USDIK USTAZ»-да жарияланды. Сонымен қатар конференция ұйымдастырушылары ҚӨУ ректорының атына алғыс хат жолдады.

Жарайсың, Данара!

Қабылдау комиссиясы