object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-27 07:49:59.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

«Дене шынықтыру-жаттықтырушылық қызметтегі инновациялық тәсілдер» проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік семинар

Дене шынықтыру және спорт кафедрасында Улудаг Университетінің (Түркия) профессоры, PhD докторы Атасой Еминнің қатысуымен «Дене шынықтыру - жаттықтырушылық қызметтегі инновациялық тәсілдер» мәселесі бойынша, ғылыми-әдістемелік семинары өтті. Семинар барысында профессор Атасой Bursa Uludag University профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттырудың негізгі нысандарына тоқталды. Қазақстанның оқытушылары мен студенттерінің магистрлік және докторлық бағдарламаларға қатысу мүмкіндігіне назар аударды.

Аталған семинар барысында Bursa Uludag University дене шынықтыру және спорт факультетінің деканымен және оның орынбасарымен онлайн кездесу өтті. Онлайн кездесу барысында факультет деканы Ramiz профессор өзінің жоғары оқу орны мен кафедралар арасындағы ынтымақтастықтың ықтимал нысандары туралы айтып берді. Студенттерге арналған магистрлік бағдарламалар, студенттерге арналған жазғы лагерлер, академиялық ұтқырлық бағдарламасы, бірлескен жобалар жазу түріндегі ынтымақтастық нысаны қызығушылық тудырды.

Bursa Uludag University өкілдері дене шынықтыруды оқытудың инновациялық тәсілдері бойынша бірқатар материалдарды ұсынды, ұйымдастыру және ғылыми-зерттеу қызметінің тәжірибесімен бөлісті. Шетелдік рейтингтік журналдарда мақалалар жариялау үшін журналдардың тізбесі бар құнды материалдар ұсынылды.

Семинар қорытындысы бойынша оқытушыларға сертификаттар табыс етілді.

Қабылдау комиссиясы