Бүгін ҚӨУ «Қазақстандағы ветеринарлық ғылымның дамуына жастардың қосқан үлесі» атты жыл сайынғы ғылыми-практикалық студенттер конференциясы өтті.
Іс-шара Baitursynuly University 85 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.
Конференцияға ауыл шаруашылығы ғылымдары факультеті, ветеринарлық медицина кафедрасының студенттері мен магистранттары қатысты.
Конференцияның ашылуында ҚӨУ ғылым және коммерцияландыру басқармасының басшысы Андрей Петрович Коваль студенттерді ізденімпаз болуға, үнемі өзін-өзі дамытуға және таңдап алған мамандықтарына терең үңілуге шақырды.
Конференцияның мақсаты - білім алушылардың интеллектуалдық, ораторлық шығармашылығын дамыту, оларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту.
Қазылар алқасы конференцияның жоғары деңгейде өткенін атап өтті. Студенттердің жұмыстарының басты назарында қазіргі уақыттағы және болашақтағы Қостанай облысы мен Қазақстан Республикасының ветеринарлық ғылымы үшін маңызды мәселелер болды.
Қорытынды бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
1 орын
2 орын
3 орын
Студенттер мен ұстаздарды құттықтаймыз!