ҚӨУ еншісінде тағы бір марапат

Baitursynuly University студенттерінің кезекті жеңісі!

ҚР жоғары оқу орындары студенттері арасында «Филология» (қазақ) білім беру бағдарламасы бойынша XVII республикалық олимпиадада біздің команда 3-орынды иеленді.

Жарыс SDU University мекемесі базасында өтті.

ҚӨУ-дің жеңіс қоржынын тағы бір жүлделі орынмен толықтырған – «Қазақ филологиясы» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері: Кадырова Айгуль, Алимжанова Лунара және Сағыныш Егенберліқызы.

Команда жетекшісі - ҚӨУ-дің филология және практикалық лингвистика кафедрасының аға оқытушысы Тасмағамбетова Зейнат Жансұлтанқызы.

Кезекті жеңіс құтты болсын, ҚӨУ! Осы бағыттан таймай, биіктен көріне беріңіздер!!!

Қабылдау комиссиясы