Baitursynuly University-дің Smart-орталығында AI SOLUTIONS хакатонының қорытындылары жарияланды!
AI SOLUTIONS – студенттерге қиялын ұштап, жасанды интеллект саласында тәжірибе жинауға жол ашатын байқау.
12 команда апталап жасалатын жобаны бар болғаны бір тәуліктің ішінде іске асырып, дайын боттар үлгісін көрсетті.
Хакатон AI Week аясында өтті. Шараның стратегиялық серіктестері – Astana Hub-тың Қостанай облысындағы филиалы Qostanai Hub. @qostanai.hub
Жеңімпаздар:
⠀
Talapker 2.0 – талапкерлерге арналған ақылды көмекші
Moodle Access Bot
«Қысқа мерзімде бот дайындау – үлкен жетістік. Бұл еңбек тіпті дипломдық жұмысқа тең. Осындай мүмкіндіктерді жібермей, байқауларға көбірек қатысыңыздар», – деді ҚӨУ-дің Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект бөлімінің жетекшісі Қалыбек Мауленов.
Baitursynuly University жас таланттарды шабыттандырып, қаржылай демеу көрсетті.