object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-04-16 10:05:32.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

BIG IDEA: игі істер үшін

Baitursynuly University-нің Smart-орталығы Mobile Technologies және Qostanai Hub ұйымдарымен бірлесіп BIG IDEA стартап-жобалар байқауының финалын өткізді.

Байқау Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-дің Ғылым апталығы аясында Қостанай қаласының мектеп оқушылары мен студенттері арасында өтті.

Мақсаты – дарынды жастарды қолдау, олардың инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін ашуға көмектесу.

Қазылар алқасына шешім қабылдау оңай болмады. Байқау аясында 30-дан астам жоба қаралып, оның 20-сы финалға өтті.

Қатысушыларға сертификаттар табысталды, ал жеңімпаздар бас демеуші – Mobile Technologies компаниясы ұсынған сыйлықтарға ие болды.

Қатысушылар мен жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Барлық идеяларыңыз сәтті жүзеге ассын!

Қабылдау комиссиясы