object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-03-31 05:56:27.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Микроскоп астындағы қауіпсіздік

Baitursynuly University ғалымдарының «Жас ғалым» байқауында жеңіске жеткен жобаларымен сіздерді таныстыруға дайынбыз! Бүгін «Отандық және шетелдік өндірістегі құс етінің микробиологиялық қауіпсіздігін бағалау және резистенттілік профильдерін анықтау» жобасы жайлы айтып береміз.

Жобаның авторы – ҒЗИ ҚБ клиникалық-диагностикалық, микробиологиялық зерттеулер және биотекті материалдардың қауіпсіздігі зертханасының ғылыми қызметкері Юлия АЛЕШИНА.

Жоба не туралы?

Қостанай облысындағы дүкендерден сатып алатын тауық және басқа да құс еттерінің қаншалықты қауіпсіз екенін зерттеу.

Ғалым не істейді?

Отандық және шетелдік өндірістегі құс өнімдерінің микробтық ластану деңгейін зерттеу бойынша ғылыми жұмыстар жүргізеді. Анықталған микроағзалардың бактерияға қарсы препараттарға сезімталдығы мен тұрақтылығы зерттеледі, сондай-ақ, олардың төзімділігін қамтамасыз ететін резистенттік гендері бөлініп алынады.

Бұл не үшін қажет?

Азық-түлік қауіпсіздігі – денсаулық кепілі! Жобаны жүзеге асыру отандық және импорттық құс етінің микробтық ластану деңгейін салыстыруға, сондай-ақ патогенді және шартты-патогенді микроағзалардың фенотиптік және генотиптік резистенттілігін анықтауға, салыстыруға және бағалауға мүмкіндік береді.

Қабылдау комиссиясы